"Намыс, тәрбие, қасиет жоқ": Райм некесін сынаған халыққа ауыр сөздер айтты

Өнерден айырылу да мүмкін екенін айтты әнші, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.

Өзінен 12 жас үлкен Ерке Есмаханмен неке қиған Райм халықтың сынынан шаршағанын жеткізді. 

"Қазақ елі!
Біріншіден! Былтырғы қаңтарға қарағанда биылғы қаңтар қуаныштығой?! Ұмыттыңыздар ма, былтыр соғыс болып, адам өліп, еліміз, жеріміз қанға боялғанын?!

Екіншіден! Әр адамның өткен-кеткені бар. Өздеріңіз идеальный болып, сонша неге артымызға түсіп алдыңыздар? Әрқайсыңыздың іздесе, кем тұстарыңыз табылар. Пендешілікке салынбаңыздар!

Үшіншіден! Адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады. Біз некеміз қиылған жанұямыз.
Намыс, тәрбие, қасиет жоқ
, есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі. Сондай адамның қатарынан болып, Алланың қаһарына қалмаңыздар.

Естігілеріңіз келсе, айтайын! Біз шаршадық. Өнерден, өмірден айырылсақ та, махаббатымыздан айырыла алмайтынымызды нық білеміз. Өтініш, тоқтатыңыздар!