Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша, яғни онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған.
Сот үкімі шыққаннан кейін блогердің экс-әйелі Фариза Алмасқызы Instagram stories-те эмоциясын білдірді. Ол көз жасына ерік беріп, өзіне қатысты айтылған жаладан кейін намысы қорғалғанына қуанышты екенін жеткізді.
«Үкім шықты. Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Қазір намысым қорғалып, ақталып шыққаныма қатты қуанып тұрмын. Себебі, өте үлкен жала жабылған болатын. Үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Жеңілдеп қалдым. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рақмет», – деді Фариза Алмасқызы.