"Намысыма ауыр тиіп жатыр": "Дикий Арман" қазақтарға Боратты тауып жазалайық деді

"Дики Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиев Борат-2 фильміне қатысты өз ойын желіде жазып, бүкіл қазақты Бораттың жазасын беруге шақырды. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарайды. 

"Ассаляму алейкум, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиіп жатыр. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын болып жатыр. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле - не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін", деп жазды ол желіде.


Еске салсақ, кеше еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова  да "Борат-2" фильмінің шығуына байланысты пікір білдірген болатын.
"Фильмді Қазақстанда прокатқа шығару кәуілігіне өтініш берілгенде министрлік тиісті шара қолданып, қарсылық білдіре алады. Әзірше, ешқандай ресми өтініштер түспеді. Сондықтан мәдениет және спорт министрлігі шара қолданып жатқан жоқ. Бірақ Қазақстан азаматы ретінде айтарым, ол фильм менің намысыма да тиеді", – деп атап көрсетті Райымқұлова.