Нан бағасын тұрақтандыру жөніндегі меморандумдар қазан айының соңына дейін өз күшін жоймайды

деп хабарлайды «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ынан.

«Қазақстан Республикасы экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2014 жылғы 10 қыркүйектегі шешімімен 1 сұрыпты ұннан жасалған қалыптағы нанға және 1 сұрыпты ұнға бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы меморандумдардың әрекет ету мерзімі үстіміздегі жылдың қазан айының соңына дейін ұзартылды», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік комиссияның 2014 жылғы ақпандағы шешімі бойынша нан және ұн бағасын тұрақтандыру мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) арасында тиісті меморандумдарға қол қойылған еді. Осыған сәйкес «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» 518 мың тонна астықты резервте ұстады, оның ішінде 182 мың тоннасы мемлекеттік сату ресурстарынан және 336 мың тоннасы коммерциялық ресурстардан қамтылды.

Меморандумдарды іске асыру қорытындысы бойынша үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес өңірлерге 401,2 мың тонна астық немесе жеткізу көзделген астық көлемінің 77,3% жөнелтілді. 


«Осыған орай жаңа егіннің астығынан дайындалған ұнды ішкі нарыққа шығарғанға дейін әлеуметтік нан бағасының күрт көтерілуін болдырмау үшін мемлекеттік комиссия жоғарыда көрсетілген меморандумдардың әрекет ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады», - деп түйінделген хабарламада.