«Нанға ақша таппай жүргенде»: 200 теңгелік купюраларды дәретхана қағазына айналдырған

Бұл сәт түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіне жүктелген.

«Биотуалет дегенге шығуға барсам, ішінде ақшамен к..т сүртіп тастаған ғой біреу. Баклажканы әкеп, жуып-жуып қалтаға салып алдым», - дейді қуанған ер азамат.

Желі қолданушылары ұлттық валютаны қорлаған адамға реніштерін білдірді. Біразы «ақшаның киесі атсын» десе, өзгелері «мал болып кеткен қазіргі адамдар» деген сарындағы пікірлерін қалдырып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарынан жол жабылды

СҚО-да орыс тілін білмейтін жастар жұмысқа орналаса алмай қиналып жүр