Жастар арасындағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов (60 кг) жартылай финалда венгр боксшысы Ричард Коннюді (Richard Konnyu) 3:0 есебімен жеңді.
Енді отандасымыз 27 тамызда өтетін финалда кубалық Алэйн Лимонта-Боудетпен (Alain Limonta Boudet) қолғап түйістіреді.
Бүгін, сондай-ақ, 49 келіге дейін және 81 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың финалда өнер көрсететіндері анықталады. Ол орындарға қазақстандық қос боксшы Шалқар Айқынбай мен Вадим Казаков таласады.