НАНКИН-2014: Қазақстандық велокоманда бесінші орынға тұрақтады

Бұл туралы ойындардың ресми сайты хабарлады.

Отандық велошабандоздар (Татьяна Генелева, Нұрғали Төребеков, Григорий Штейн, Виктория Пастернак) 18 мин. 02 секунд уақыт көрсетіп, бесінші орынға жайғасты.

Бірінші орын - чехтарда, екінші - итальяндықтар, үшінші - украиндар және төртінші орында - жапондар.