Нанның еркіндікке жіберілуінен соң аймақтарда баға шарықтап кетті

Бағаның бұлайша табан асты өзгеруі, әсіресе, әлеуметтік нанға арқа сүйеген көп балалы аналарға ауыр тиіп жатыр. Өйткені бір күнде ондай отбасылар бір емес, бірден 4-5 нан жейді екен. Дүкеннен көңілсіз шыққан жұрт басқа-басқа табысы аз тұрғындарға арналған ең басты тағамның қымбаттағанына налиды. Ал оның себебін жергілікті шенеуніктер субсидияның сұйылуымен түсіндірді. Айтуларынша, дотация бірден екі есеге азайып, салдарынан наубайханалар бағаны көтеріп жіберген.      

Loading...