"Нәпсі, тәрбиесіздік, ашкөздік": Блогер Мөлдір Анарбаева Дариға Бадықова мен оның бұрынғы күйеуі туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер өз ойын желідегі парақшасында жеткізді.

"Біздің қазақ бұл қалпында елу жылда да алға баспай ма деп қорқамын. Біз өйткені біреудің қаңқу, пасық, үйіндегі мәселесінен әрі аса алмай отырмыз. Біз де ар да, ұят та, тұлға да, тәртіп те жоқ.

Біздің қоғам аш, бұзылған, ұятсыз, былайша айтқанда бетсіз қоғам! Біздің санамыз төмен, сол үшін сондай әңгімеге әуеспіз.

Біздің билік арсызды ауыздықтауға, жаман мен тәрбиесіздікке тоқсауыл қоюға әлсіз...

Бізде саясат жоқ! Идеология жайлы жақ ашпауға да болады...

Бетке ұстар кімің бар, қазақ?! Өнердегілердің қай-қайсының артына үңілсең, үркисің. Сол тағдыр ма?! Атаңның басы. Ол нәпсі, тәрбиесіздік, ашкөздік, санасыздық!

Ең тоқ болған және рухани аш болған заман осы...

Менен неге сұрайсыңдар?! Бұл үлкег қасірет! Күнде, күнде өршіп келе жатқан қасірет", - деп налыды блогер.