«Нәпсіммен бес жыл күрестім»: Мөлдір Әуелбекова не себепті орамал тағып, намазға жығылғанын ашып айтты


Бұған қоса өнер иесі бұл жолды таңдауына не себеп болғанын да мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz.

Әнші елді елең еткізген жазбасын желідегі парақшасында хабарлады.

«Осыдан 8 жыл бұрын Алланың қалауымен, Әкем себепкер болып намазға жығылып, сәждеге маңдайым алғаш рет тиді! Бірақ, тура жолға келгеніммен, тек намазда ғана орамал тағып, жәй кездері басымнан сырғитыны ішімді қыңжылтып жүрді...Сондай, өз өзіме қанағатсыз күйде жүріп 5 жыл уақыт зымырап өткенін байқамадым...

Мен сондай ұзақ келдім орамалға...Әншілігіммен тіптен қиян болды маған... Нәпсіммен 5 жыл бойы күресіп, 2020 жылдың, дәл осы 15 - ші мамыр күні, әдеттегідей таң намазымды оқып болған соң, «енді орамалымды шешпеймін» - деп шешім қабылдадым! Бүгін орамалға келгеніме тура 3 жыл! Әлемдердің Раббысы Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақ болсын!

Барша ақжаулықты нәзік жандылардың орамалын Аллахым ақыреттік етсін! Барша орамалға келе алмай, сынақта жүрген әйел затына Аллахым орамал нәсіп етсін!», - деп жазды ол.