Нақты диагноз қойылмаған оралдық сарбаз үйіне табытпен оралды

Әулеттің үлкен ұлы әскери бөлімдегі қызметін уақытша тоқтатып облыстық аурухананың кереуетіне таңылғанын отбасына алдымен өзі хабарласып жеткізіпті. Алғашында тұмау делінсе, арада санаулы тәулік өткенде Арслан Ахметке өкпенің қабынуы деген диагноз қойылған. Ауруды анықтай алмаған дәрігерлер жігітті ажалдан арашалап қала алған жоқ. Бүгін Арсланның денесін қара жердің қойнына тапсырған туыстары Қызылордадан келген офицерлерді түтіп жеді. Ауыздарын ашуға шамасы келмеген әскерилер тек қаралы отбасына материалдық көмек беріледі деп кетті.


Зайсан Дәулетқалиева, марқұмның туысы:

-Біздер тіптен түсіне алмай тұрмыз, орталық ауруханада ОРВИ-ден адам өледі дегенді. ХХІ ғасырда. Барлық медициналық құралдар бар, дәрі-дәрмектерді беріп отыр.Ал ауруханаға  түскенде, неге әскери бөлім  барып оның жағдайын білмеген. Онда қарап жатыр ма қарап жатқан па? Емін беріп жатыр ма жоқпа? Қағаз жүзінде бәрін бердік дейді.