Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, Алматы-Ташкент тас жолында жолаушылар автобусының аударылуы салдарынан 8 жасар бала қаза тауып, алты адам ауруханаға жатқызылды

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Жамбыл облысы Қордай ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 259-шақырымында 14-қарашада 3 сағат 45 минутта болған. Шымкенттен Алматыға бет алған, ішінде 35 адамы бар "Ванхо" жолаушылар автобусы аударылады.

Апат салдарынан 8 жасар бала қаза тауып, алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті