Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, Сауд Арабиясында жол апатынан Қырғызстаннан 23 қажы қаза тауып, 20-сы жараланған

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, апат 12-қаңтарда Эль Хафуф деген жерде болған. Меккеден қайтып келе жатқан қырғызстандық қажылар 13-қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктерінен чартерлік рейспен ұшып шығуға тиіс болған.

Біріккен Араб Әмірліктері шекарасынан 15 шақырым жерде қажылар мінген автобус қарсы бағытта келе жатқан тағы бір автобуспен соғысқан.

Апаттан зардап шеккендер түрлі дәрежелі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жатқызылған.

Қазір оқыс оқиға болған жерде Қырғызстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бас консулдығының қызметкерлері жүр. Қырғызстан сыртқы істер министрлігінде шұғыл телефон желісі жұмыс істеуде. Ол жерден қажылардың туыстары нақты ақпарат ала алады. Қаза тапқандардың тізімі қазір белгілі болды.

Қырғызстан Республикасының президенті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті