«Митингке шыққан азаматтарды алаңнан қумаймыз. Өйткені, бұл адамдардың арасында жаппай наразылық тудыруы мүмкін», - деп хабарлайды осы елдің ІІМ.
Бейсенбідегі қақтығыстар кезінде 19 милиционер жарақат алды. Оның екеуі ауруханада жатыр.
Наразы топ Бақай-Ата ауданы әкімі мен үкіметтің уәкілетті өкілі Ырыскелді Ботықовты қамаудан босатқан жоқ. Олар облыстағы Шыралжың алтын кенішін игеру туралы лицензияның күшін жоюды талап етіп отыр.
Талас – Тараз тас жолы әлі күнге жабық. Бүгін таңертең ол жерге жиналған халықтың саны 300-ге жуықтады.
Түнде Қырғызстан премьері Жомарт Отарбаев аталған кеніште жұмысты уақытша тоқтату туралы тапсырма берді. Алайда, біз құжатты көзбен көрмейінше жолды ашпаймыз, дейді акцияға қатысушылар.