Бұл туралы Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қатал тағдыр адамды жиі алдайсың,
Кәрі ме жас па неге қарамайсың?!
Қазір бар адам кейде ертесі жоқ,
Қайғыңнан есті әсте жия алмайсың.
Шүкір деп келе жатқан жандарыңа,
Құдай-ау, неге ғұмыр сыйламайсың.
Наркенже сіңлім, қайғыңа ортақпын, жолдасыңның иманы саламат болсын. Алла сабыр берсін өзіңе", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары да әнші мен қызының парақшаларындағы жазбаларға пікір қалдырып, көңіл айтуда.