Қолы сынған бала байлаулы бір қолымен намаздың әрекеттерін жасайды. Ибрагим есімді бүлдіршін үздіксіз Құран сүрелерін оқып жатыр. Кейіннен “Мұхаммед, Мұхаммед пайғамбар” деп айқайлады. Жақындары баланың не істеп жатқанын түсіне алмай әлек болды. Бала «Елші Мұхаммед, қайда кеттің?» деп жылап, шошып оянады.
Кейін ол түсінде Пайғамбарды (с.ғ.с) көргенін айтқан. Баланың әңгімесін тыңдағандар оның орнында өздері болғысы келетіндерін жасырмады.