Бұл туралы Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрі Нина Суслонова мәлімдеді.
«21 мамыр таңертеңге шаққанда, 55 адам ауруханаға жүгінген. 24 адам ауруханаға жатқызылған, оның 14-інің жағдайы ауыр және өте ауыр, 10-ы орташа ауыр жағдайда», - деп Н.Суслонова бүгін «Интерфакс» агенттігінің орталық кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Наро-Фоминскіде үш науқас жатыр, олапдың бірінің жағдайы нашар, екі адам отадан кейін ауыр хәлде. Бес науқас Телятинода (екеуі жансақтау бөлімінде, үшеуі жарақат бөлімінде), екі науқас әскери госпитальда (бірі – жағдайы жеңіл, екіншісінің жағдайы орташа). Тағы 13 науқас Мәскеу клиникасында.
Сейсенбі күні Мәскеуден 80 км жерде Бекасово - Нара өткелінде "Мәскеу-Кишинев" жолаушылар пойыззы мен жүк құрамы соқтығысқан. Алты адам қайтыс болды.