Н.Дүтбаев 1956-жылы туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген соң ҚР ҰҚК-нің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша қарсы барлаушылары басқармасының бөлім бастығы болып жұмыс істеді. ҰҚК төрағасының орынбасары болды. 2001-жылдың 12-желтоқсанында мемлекет басшысының жарлығымен ҚР ҰҚК-нің төрағасы болып тағайындалды. Ал 2005 жылдың 6-сәуірінде ол ҰҚК академиясының басшысы болып тағайындалды.