Нарыққа шыққан Qazaq Air билет құнын жасырып отыр

Qazaq Air атақты канадалық «Бомбардьер» корпорациясының 3 ұшағын сатып алған. Бұл әлемдегі техникалық және жылдамағы жағынан да ең қауіпсіз лайнерлердің бірегейі. Сыйымдылығы 80 адам. Жанармайды аз жейді екен. Qazaq Air әзірше 12 бағыт бойынша, 9 қалаға ұшпақ. Су жаңа әуе компаниясы билет құнын ашып айтпады. Алайда, оның басқалардан салыстырмалы түрде арзан болатынын сендіріп бағуда. Алғашқы рейс 20-шы шілде күні Алматыдан Павлодарға ұшады деп күтіліп отыр. «Qazaq Air» 100 пайыз мемлекеттің меншігінде. Компания «Самұрық-Қазынаның» басқаруында. Жаңа әуе компаниясы нарықта бәсекелістікті арттырып, қызмет көрсету сапасын әлдеқайда жақсартады деп жоспарланған. 

Loading...