НАСА Байқоңыр аспанынан көрінген ең жарық Айдың суретін жариялады

1948 жылдан бері қайталанып тұрған Жер мен Айдың ең жақын келуі барысын НАСА біздің жерден бақылапты. Бұған Американдық ғарыш агенттігінің сайтында жарияланған фотосуреттер дәлел. Бір қызығы, американдықтар «суперайдың» біздің айлақтан ғарышқа ұшу үшін дайындалып тұрған «Союз» зымыранының артқы жағынан көрініп тұрған сәтін түсіріпті.  

Айта кету керек, бұл зымыран 18 қарашадағы таңғы сағат 02:20-да (Астана уақытымен)  НАСА өкілі астронавт әйел Пегги Уитсон, Еуропалық  ғарыш агенттігінің астронавты Томас Песке мен ғарышкер О. Новицкийді ғарышқа алып ұшады.  Естеріңізге сала кетсек, таяуда Жер мен Айдың соңғы 70 жылға жуық уақыттан бері бір біріне ең жақын арақашықтықта айналып өтетінін хабарлаған едік.