Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Baq.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
1,8 миллиард пиксельдің көмегімен жинақталған панорамалық фотодан Марс табиғатының сұрқай екенін байқауға болады. Марстағы аппарат төрт күн бойы мыңнан аса фото түсірген. Барлық фотолар 12:00 мен 14:00 аралығында, күн жарығының біркелкі түсер уақытында бейнеленген.
Панорамалық фотодан Гейл кратеріндегі Шарп тауларының Глен-Торридон аумағын байқауға болады.
Біз үйде түскі ас ішіп жатқан уақытта Curiosity ровері (Марстағы Гейл кратерін зерттеу үшін жеңіл көліктің көлеміндей етіп құрастырылған ровер – авт.) нағыз ғажап дүниені жасап жатты, – дейді NASA ғалымы Эшвин Васавада.