Алматыдағы нашақордың әр күнгі таңы осылайша қарызын беріп, дәрі алудан басталады. «Тропикамид» деп аталатын көз тамшылары дәріханаларда еркін саудалануда. Бірақ заң бойынша тек дәрігердің рұқсаты арқылы берілуі тиіс. Бұл тамшылар жанары сыр берген адамның көру қабілетін жақсартса, нашақор үшін қазір таптырмас дүниеге айналып отыр.
Анаша мен көкнәрға еті үйреніп қалған нашақорлар, «ләззат» алудың жаңа, әрі жеңіл тәсілін тауып алған.
- Тропикамид стоит 350 тенге, а они его продают за 800.Вот, какая разница. И знаешь, сколько в день к ней приходят за ним? Человек сто, это я как минимум говорю.
«Тропикамидті» көпшілік таза күйінде қолданса, тапқырлары ас көкнәрі мен құрылыста қолданылатын еріткішті қоса қайнатып қабылдайды екен. Бұл қосындыны дайындау ұзақ уақыт алғанымен, әсері ұмытылмастай дейді тәуелді жандар. Бастысы, құрамындағы заттарды шатастырып алмау қажет.
- Именно такой. А другой если люди возьмут 647 и умрут сразу же на месте.
Бір литр еріткішке, бір келі көкнәр салынуы тиіс. Еліміздегі заң бойынша көкнәрдың бұндай көлемде сатылуына тыйым салынған. Бірақ іздеген адам, көздегеніне жетеді. «Ерекше» клиенттерге «Хлебный» дүкені бірден 10 келіні ұсынса, өзгелері қала базарларынан ешбір қиындықсыз-ақ алып жүр.
- Зеленый базар, 6 ряд, Клара. Эту Клару знают ВСЕ наркоманы Алматы.
Май, арпа мен сусындардан өзге арнайы тапсырыстарды жүзеге асыратын Клара да өз тауарының тұтынушыларын жақсы танып алған. Бір келісін 6 мың теңгеге сатады.
- Не, вот это ох...ый мак. А ты по 250 взял, да? Ни х.., красава.
«Химканы» дайындауға кіріскендер өз денсаулығы мен өміріне қандай қауіп келетінін жақсы біледі. Өзара олар бір-бірін «сегізайлықтар» деп атайды. Тура осынша уақыттан соң адамның ішкі мүшелері зақымданып, еті сүйегінен ажырайды екен.
- Люди мучаются три месяца, и не факт, что они смогут вытерпеть. Это нереальные боли в области позвоночника, и ты реально теряешь...ты не можешь кушать ничего, ты только пьешь.То есть, если ты что-то покушал, это у тебя вылазают снова обратно, и вылезают не просто, а с желчью.
Екі-үш салғаннан-ақ тәуелді болып қалатын адам, көз тамшыларын қанына жіберген уақыттан бастап көп дегенде 2 жыл өмір сүреді екен. Қоспа жүйкеге қатты әсер ететіндіктен, іс-әрекетіне есеп бере алмай соңғы кезде өз-өзіне қол салған жайттар да жиілепті. Ал нашақор клиенттері көбейген дәріханалардағы заңсыз сауданы қадағалап жатқан ешкім жоқ.