НАТО Ливиядағы әскери миссияны тағы үш айға ұзартты

деп хабарлайды РБК.

«Бұл шешім Муаммар Каддафи режиміне нақты белгі болмақ: біз Ливия халқын қорғау жолындағы миссиямызды жалғастыруға бел буып отырмыз», - делінеді одақ баспасөз қызметі жариялаған НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдемесінде. Өткен миссия іс-қимылының мерзімі үш айға - 2011 жылдың 31 наурызынан 30 маусымына дейін белгіленген еді.

НАТО 2011 жылдың 31 наурызында Ливиядағы әскери операцияға басшылықты ресми түрде өз мойнына алды. Ливияда «Біріккен қорғаушы» (Unified Protector ) операциясын өткізу және азаматтық халықты М.Каддафи режимінен құтқару жұмыстарын 90 күн жүргізуді одақ мүшелері мақұлдады.