Грузияның еуропалық және еуроатланттық құрылымға ықпалдасу мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Давид Бакрадземен бүгін Тбилисиде өткен баспасөз мәслихатында Д.Аппатурай, еуропарламентшінің мәлімдемесіне түсінік беру оның құзырына кірмейтінін, алайда ол Э.Броктың пікірімен келісетінін мәлімдеді.
«Молдова бейтарап ел, ол бейтарап мәртебесін өзгертуді жоспарламайтын делік. Онда НАТО-ға кіру туралы мәселе жоқ. Украинаға келер болсақ, ол да жақын арада НАТО-ға қарай жылжитын ой білдірген жоқ. Оның үстіне, Украина президенті Петр Порошенко Украина үшін қазір бастысы реформа өткізу екенін атап көрсетті. Біз олардың басымдық танытатыны реформа екенін түсінеміз және көмек көрсетеміз», - дейді Д.Аппатурай.
Грузияға келер болсақ, Бухарестегі саммит шешімі күшінде қалады. Бұл НАТО-ның саяси шешімі. Грузияға ұсынылған пакет өз құрылымы мен мазмұны бойынша Грузияға альянсқа кіру жолында көмек көрсетуге арналады.