"НАТО Қазақстан флотын дамыту үшін бюджетті жоспарлауда консультация беруде және техникалық тұрғыдан көмек көрсете алады",- деді Р. Симмонс. "Мен бұрынғы сапарым барысында осы мәселе бойынша қорғаныс министрлігімен келіссөздер жүргіздік, және де Қазақстан өзінің флотын қалпына келтіруді жоспарлап отырған Ақтауға да барып қайттым, біз бұған көмек көрсетуге әзірміз",- деп қосты ол.
Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде республикамыздың қорғаныс министрі Даниал Ахметов Каспийде Қазақстанның заманауи әскери флотын құру ниеті туралы мәлім еткен болатын. "Каспий аймағы бүгінде Қазақстан мен дүниежүзінің барлық мемлекеттерінің экономикасы үшін маңызды мәнге ие, оны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бізде заманау әскери-теңіз флотын құру қажеттілігі туындап отыр",- деп мәлім еткен болатын қорғаныс министрі. Сол кезде шетелден 500-ден 1 мың тоннаға дейін суысырғыш кемелерін сатып алу және жағалау инфрақұрылымдарын жетілдіру жоспарлары туралы мәлім етілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті