Дәрігерлерге қызметтік міндетін орындау барысында салғырттық танытты деген айып тағылды, деп хабарлайды аудан прокуроры Сұлтан Орманов.
Оның айтуынша, қарулы шабуылдан кейін 49 жастағы кәсіпкер ауылдық ауруханаға жеткізілген.
Емделіп шыққаннан кейін жағдайы нашарлаған кәсіпкер бірнеше күннен соң аудандық ауруханаға түскен. Аудандық аурухана мамандары пациенттің аяғында оқ барын, жараның іріңдеп кеткенін анықтаған. Операция сәтті өтіп, аудандық дәрігерлер кәсіпкердің аяғын сақтап қалды.