Науқастың қашып кетуіне байланысты психоневрологиялық диспансерде тексеріс жүруде - Қарағанды

Мұндай оқиға болды. Ем-дом шаралары кезінде науқас медбикені итеріп жіберіп қашқан. Бұл туралы дереу полиция қызметіне және бізге, денсаулық сақтау басқармасына хабарланды. Біз қазір тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

Т. Сәдуақасовтың сөзіне қарағанда, сырқаттың қайда жүргені белгілі. «Оны Қарағандыда көрген, бұл туралы тәртіп сақшыларына айттық», - деді басқарма жетекшісі.

Қашқан 17 жастағы науқас ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала. Ол емханаға Осакаров ауданындағы жетімдер үйінен жеткізілген.