Наурыз айында Қазақстанда 179 адам жаңадан ВИЧ-індетін жұқтырған

Өткен жылғы наурыз айында аталған дертке шалдыққандар саны 159 болатын.

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, 2014 жылдың бастапқы үш айында жалпы 599 адам ВИЧ-ке шалдыққан (2013 жылдың үш айында – 500).

Мамандардың дерегіне сүйенсек, 2013 жылы елімізде жаңадан ВИЧ жұқтырған 1941 тіркелген болатын.