Наурыз банктегі қаржылық ахуалды жақсартуға күш салатын инвесторлар табылды

Б.Жәмішевтің айтуынша, "ЦентрКредит Банкі", "АТФ Банк" және "Альянс Банк" тәрізді үш банк инвестор болуға ниет білдірді. Сондай-ақ, агенттік төрағасының айтуынша, қазір Ресейлік және Қазақстандық екі компания қосымша инвесторлар ретінде қарастырылуда. Негізгі инвесторлар болып табылмайтынын айтқан Б.Жәмішев компаниялардың аты-жөнін атамады.

"ЦентрКредит Банкі", "АТФ Банк" мен "Альянс Банк" ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігіне 20-желтоқсанға дейін өз инвестициялық жобаларын таныстыруы тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің бұйрығымен 2004-жылдың 9-қарашасында "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ-ына қатысты үш ай мерзіммен консервациялау тәртібі енгізілді.