Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі басқармаларының қаулысы бойынша 2004-жылдың 9-қарашасынан бастап "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ-ын үш айға консервациялау тәртібі енгізілді. Бұдан кейін Агенттіктің шешімімен банкті консервациялау мерзімі үш мәрте ұзартылды.
Қазіргі жағдаймен Ресейдің "Внешторгбанк" мемлекеттік банкі Наурыз банкті сатып алу мәселесін қарастырып жатыр. Алайда болашақ инвестор болу мүмкіндігі бар банк әзірге агенттікке Наурыз банкті сауықтыруға атсалысу туралы түбегейлі ұйғарым немесе нақты ұсыныс келтірген жоқ.