Б.Жәмішевтің айтуынша, консервациялау мерзімі инвестор іздеуді одан әрі жалғастыру үшін емес, банкті тарату алдында барлық активтерге ревизия жүргізу үшін ұзартылып отыр.
Банктің филиалдық желісі саудаға салынады деп күтілуде. Агенттік төрағасының айтуынша, бұдан кейін "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ-ның лицензиясын кері қайтарып алу туралы шешім қабылданып, банкті мәжбүрлі тарату туралы құжаттар сотқа тапсырылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі басқармаларының қаулысы бойынша 2004-жылдың 9-қарашасынан бастап "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ-ын үш айға консервациялау тәртібі енгізілді. "Наурыз банктің" іс-қызметінде анықталған заң бұзу оқиғалары осындай тәртіп енгізуге негіз болған.