“Наурыз” мейрамының басты ерекшелігі бұл күні барлық адамдар өздері ренжіген адамдарды кешіріп, өзінің туған-туысқандары мен жақындарына, айналасындағы адамдарға барынша мейірімділік танытуы қажет. Сондай-ақ егер адам жеті үйден жеті дәмнен дайындалған Наурыз көже ішіп шықса жаңа жыл ол адам үшін сәтті болады деген сенім бар.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз әр шаңыраққа береке, байлық алып келсін!
Наурыз көже дайындау үшін бізге:
Құрамы: - ет,
қазы-қарта,
жал-жая;
- су;
- тұз;
- айран-1 стақан;
- тары-100 гр;
- күріш-100 гр;
- құрт.
Етті жуып, қазанға суға саламыз.
Су бір қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз. Ет піскенше отын басып қоямыз.
Күріш пен тарыны қосып, пісіреміз.
Көже дайын. Құртты суға ерітіп, малта жасап көжеге қосамыз. Айранды да солай.
Наурыз көже дайын. Астарыңыз дәмді болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Оқи отырыңыз:
Қазақша Құттықтау - тілек: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні