Наурыз мейрамында қазақстандықтар 3 күн демалады

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңда мемлекеттік мереке аталып өтілетін күндер демалыс күндері, ал демалыс күні мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда демалыс күні болып мереке күнінен кейінгі жұмыс күні саналатыны айтылған. Тиісінше, биылғы жылы қазақстандықтар 22, 23 және 24 наурыз күндері демалады.

Қазақстанда Наурыз мейрамы 1926 мен 1988 жылдар аралығында жаппай халықтық болып тойланған жоқ. Ал 2001 жылдан бері Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып жарияланды.

Наурыз мейрамы - Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі. Ол Шығыс халықтары Ислам дінін қабылдағанға дейін пайда болған. Сондықтан, ол діни бағыт-бағдардан ада. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамы - жаңа жылдың алғашқы күні - көктемгі күн мен түннің теңесу күніне сәйкес келеді.