Наурыз мерекесі қарсаңында ішкі істер органдары күшейтілген жұмыс режиміне көшіріледі

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейтіп, заң бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шара наурыздың 17-сі мен 19-ы аралығында өтеді.

Алдын алу шарасы барысында көшелер мен қоғамдық орындарда заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жандандырылып, патруль қызметкерлері көңіл көтеру орындары мен жұртшылық көп жиналатын жерлерді бақылауға алмақ.

Сонымен қатар, жол ережесінің сақталуын қадағалау күшейтіліп, көп қабатты үйлердің ауласында тәртіпті қамтамасыз ету көзделген.


Наурыз мерекесі Қазақстанда үш күн – 21-23-наурыз аралығында атап өтіледі. Мерекенің екі күні демалыспен тұспа-тұс келгендіктен қазақстандықтар бес күн – 21-25-наурыз аралығында демалатын болды.