Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Наурыз айындағы мерекелік күндер қарсаңында Қазақстанның әуе компаниялары ішкі рейстер санын көбейтіп жатыр.
Air Astana және FlyArystan 2026 жылдың 16-29 наурызы аралығында ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс ұйымдастырады. Оның 80-і Алматы – Астана бағытына тиесілі.
Сонымен қатар Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Атырау, Өскемен және Орал қалаларына қосымша рейстер жоспарланған.
"SCAT әуе компаниясы өз кезегінде 19-21 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс, сондай-ақ Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс ашады. ", - деп хабарлады көлік министрлігі.
Сонымен қатар 23-26 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша тағы 4 рейс, сондай-ақ Шымкент – Астана және Ақтау – Астана бағыттары бойынша бір-бірден рейс қосылады.