Наурызбай батырдың қырғыздың 30 қызын өлтіргені рас па?

Тарихи тақырыптарда қалам тербеп жүрген Руслан Шынтас фейсбуктағы парақшасына әйгілі тарихи жырдың мазмұны жайлы үзінді жариялаған. Ол жайлы «Торғай» газеті 1900 жылы басып шығарған екен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Наурызбай сұлтан қырғыздардың тұтқынында!

«Торғай газеті» 1900 жылғы No 2-3. Газет редакторының міндетін атқарушы А.Д. Добросмыслов

«....... Ең танымал «Кенесары, Наурызбай» тарихи жырының мазмұны. Жырдың басты кейіпкері даңқты, батыл күрескер Наурызбай жабайы қырғыздардың қолына түседі. Кенесары хан мен оның інісі Наурызбай бастаған сұрапыл соғыста «Бас батыр тұтқынға түсіп, Кенесары өлтірілгеннен кейін қырғыздар жеңіске жетеді. Тарихи жырда қырғыздар отыз күн бойы құдіретті Наурызбайды өлтірмей, бөлек үйде ұстайды.Сонымен бірге отыз күн бойы әр түн сайын бір қыздан қасына жатқызып отырды, осылайша даңқты батырдан ұрпақ алып қалуды мақсат етті. Кейін олар қырғыздарды – Наурызбайдың туыстарының шабуылынан қорғайтын еді. Бірақ Наурызбай қыздарды сол түні-ақ өлтіріп отырды, жауға өз ұрпағын қалдырғысы келмеді. Осылайша Наурызбай отыз күнде отыз қызды өлтірді. Олардың бәрі де текті тұқымдардың, ең әдемілерінен еді. Көпшілік Наурызбай батыр оларды аяп, ешқайсысын да өлтірмейді деп ойлады. Ақыры Наурызбайдың өзінен ұрпақ қалдырғысы келмейтініне көз жеткізген соң, оны қинап, ең азапты өлімге душар етті», деп жазылған.

Дегенмен Наурызбай батырдың 30  қырғыз қызын өлтіргені тарихи шындық екені жайлы нақты айғақ жоқ. Әзірге аңыз ретінде ғана қабылданып жүр.