«Наурыз-Думан» атты балаларға араналған бағдарлама- ШҚО

Мерекелік шараның ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы.

Наурыз мейрамын балаларға арнап өткізу біздің өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты жас ұрпаққа салт-дәстүрімізді насихаттап, жас ұрпақтың қазақ халқының салт дәстүрлеріне деген қызығушылығын ояту.
Алаңда киіз үйлер орнатылып, қала қонақтары мен балаларға наурыз көже, тәттілер таратылады.
Бағдарламада наурызды қарсы алу, театрландырылған көріністер, балалар шығармашылығынан концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар, мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылады.
Мәдениет сарайында балаларға арналған «Әз Наурыз» қойылымы болады.

Наурыз мейрамына байланысты балаларға арналған «Наурыз-Думан» шарасының бағдарламасы

11.00 – мерекенің басталуы;
11.30-15.00 – театрландырылған көрініс, концерттік бағдарлама;
12.00-13.30 – наурыз көже ұсыну;
12.00-14.00 – спорттық ойындар;
12.00-14.00 –конкурстар, балаларға арналған ойындар;
13.00 – балаларға арналған «Әз Наурыз» қойылымы (Мәдениет сарайы)