Қазақстан Республикасы мен Украинаның экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты күшейту және байланысты нығайту, сондай-ақ, екі ел президенттерінің кездесуі барысында қол жеткен келісімдерді орындау мақсатында Н. Назарбаев "Қазақстан Республикасында 2008 жылы Украина жылын" атап өту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды БАҚ.
БАҚ ақпаратына сүйенсек, Қазақстан Республикасының президенті үкіметке Қазақстандағы Украина жылына дайындалу және атап өтуді ұйымдастыру комитетін құруды және аталмыш шараны қаржымен қамтамасыз етуді тапсырды.
"Аталмыш шараның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелсін", - деп көрсетілген Елбасы жарлығында.
Жарлық оған қол қойған күннен, яғни биылғы 27 қарашадан бастап күшіне енген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті