Назарбаев әкімдерді ауыстырған жоқ

Сөйтіп республикалық маңызы бар екі қала – Алматы мен Астананың әкімдері Ахметжан Есімов пен Әділбек Жақсыбеков ірі мегаполистерге  басшылық жасай бермек. Бұлардан бөлек 14 облыстың әкімі де өзгерген жоқ. Сондай-ақ, Елбасы президент әкімшілігінің басшысы етіп Нұрлан Нығматуллинді қайта тағайындады. Ал Сенат бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты өз тағында қалуына келісімін берді. Осылайша, Конститцуия бойынша, президент инаугурациясынан кейін отставкаға кеткен, Үкімет пен аймақ әкімдері және Парламенттің мақұлдауын қажет ететін негізгі стратегиялық органдардың басшылары орынтақтарын сақтап қалып жатыр. 

Loading...