Назарбаев Алматы облысының диқаншыларын РФ-на тасымалдау үшін көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек өсіруге шақырды

"Мемлекет аймақ үшін бар қажетті жағдайды жасап отыр. Сіздерге субсидия бөлінуде, лизингке техника беріледі, тұтас алғанда сіздер қаржыландырудың 75% мемлекеттен алып отырсыздар. Бірақ сіздер бастама танытпайсыздар, бар мүмкіндікті пайдаланбайсыздар. Қазір Ресейге көкөніс пен жеміс-жидек тасымалдап, табыс алуға болар еді, бірақ бұл бағыттағы жұмыс нашар жүргізілуде", деді Н.Назарбаев Талдықорғанда агроөнеркәсіптік кешеннің қызметкерлерімен кездескен кезде, президенттің сөздері елбасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада келтірілген.

Нұрсұлтан Назарбаев жалпы аймақтық өнімнің 65% екі аудан ғана қамтамасыз етіп отыр, Іле және Қарасай аудандары, деді.


Сонымен қатар Қазақстан президенті мақсатына орай пайдаланылмай отырған жер телімдерін анықтау үшін ревизия жүргізу қажеттілігіне тоқталды.

Талдықорғанда президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіріп, сақтап, сататын "АПК "Жерұйық - Талдықоргған" ЖШС кешенінің жұмысымен танысты.