Назарбаев Алматыдағы Фурманов көшесі атауының өзгертілуіне қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуінен видеоның үзіндісі Ақорданың Facebook-тегі парақшасына салынды.

«Маған біреу хат жазды. Онда Назарбаевқа арнап тас ескерткіш тұрғызу керек емес, өйткені ол астананы тұрғызды делінген. Мен онымен толық келісемін. Мұның барлығы – әбігерлік», - деді Назарбаев.«Мен әрқашан да оған қарсымын. Тек университет атауына ғана келістім. Оны үкімет те, ел де қолдауына келістім. Бұл – үлгі боларлық озат оқу орны. Қалғаны – жергілікті биліктің шешімі. Әрине, мен жарлық беріп, бұған тыйым сала аламын. Қазір мен көпшілік алдында жария етемін: бұлай істеудің керегі жоқ. Қажет емес! Тарихта тек ісіңмен қалу керек», - деді Елбасы.

«Ескерткіштерге кейін не болатынын біз бәріміз жақсы білеміз». «Енді атау бердік... Фурманованы ауыстырғаны жақсы болды, басқаны емес...», - деп күлді Нұрсұлтан Назарбаев.


«Алматы – не дегенмен ыстық қала. Барлығы үшін рақмет. Бірақ олай істеудің керегі жоқ», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, сұхбаттың толық нұқсасы республикалық телеарналардан бүгін сағат 21:30-да (Астана уақытымен) көрсетіледі.