Назарбаев Ақордаға Астана әкімін шақыртты

Астана әкімін мемлекет басшысы әдеттегі үйреншікті жерде емес, басқа жұмыс кабинетінде қабылдады. Әділбек Жақсыбеков болса, президентке халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне дайындық туралы айтып берді. Айтулы шараға екі жыл қалғанын айтқан Нұрсұлтан Назарбаев, бас шаһардың әкіміне әзірлікті ұдайы назада ұстауды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Оған волонтерлар дайындау қажет, логотиптер дайындау керек. Қонақүйлердің барлығын қарап шығу керек. Соған байланысты көп жұмыстар істеу керек. Қаланың ішінің барлығы дұрыс деп санаймын. Қысты жақсылап өткізесіңдер, солай ғой? Осы шаруаларды қалай шешу керектігін ақылдасайық.

Loading...