деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
"Тұтас алғанда, компания шығарып отырған өнімге бағаның артуы арқасында көрсеткіштер жақсарып отыр, пайда өскен. Негізгі стратегиялық міндет сол бұрынғыдай, болат өндірісін 6 миллион тоннаға дейін артыру", деп хабарламада Н.Назарбаевтың сөздері келтірілген.
Қазақстан президенті сондай-ақ компанияда жұмыс істеп отырған қызметкерлерге қолайлы әлеуметтік жағдай туғызу маңыздылығын атап өтті.
"Қазір ең бастысы, өндірісте жұмыс істейтіндердің ахуалы. Теміртаулық металлургтер мен қарағандылық шахтерлермен арадағы қарым-қатынасым ерекше. Сол себепті олар жұмыс орындары қысқарғанда, не жалақы төленбегенде тікелей маған шығады”, деді ол.
Л.Митттал кездесуде хабарлағандай, компания өндірісті дамытып, инвестицияларды арттырып отыр.
"Дүниежүзілік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан соңғы төрт жылда "АрселорМиттал Теміртау" ұдайы кеңейіп отыр, біз жылына орташа алғанда 350- 400 млн доллар инвестицияладық. Домна пеші мен орталық зауыттағы өндірісті жақсартып, ұлғайтуды жалғастырдық”, деді Л.Миттал.
Алдында хабарланғандай, "АрселорМиттал Теміртау" комбинаты 2019 жылға қарай болат өндірісін жаңалау және дамыту жөніндегі жобаны аяқтамақ, онда жылына 6 млн тонна болат өндірілмек.
2013 жылы "АрселорМиттал Теміртауда" 3 млн тонна болат өндірілді.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ халықаралық болат құюшы ArcelorMittal концерні құрамында және Қазақстанның металлургия секторының ірі кәсіпорны болып табылады.