Назарбаев Астанадағы президент саябағының бірінші кезегінің ашылуына қатысты

Журналистерге берген сұхбатында президент саябақтың жалпы аумағы 83 гектарды құрайтынын айтты. "Бұл үлкен аумақ. Мұндай саябақ тек Қазақстан ғана емес, жалпы ТМД аясында жоқ. Біз оны ұлғайта түсетін боламыз. Бұл Елордасы тұрғындарының ең тамаша, ең сүйікті демалыс орнына айналады", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент саябағы Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорданың жанында орналасқан. Паркте "Самұрық құс", "Төменгі алаң", "Үлкен каскад", "Грот", "Көл - қайнар көз" атты бес су бұрқақтары кешені, сегіз жасанды тоған мен каналдар бар. Саябақтың орталық бөлігі көп адамның қатысуымен өтетін салтанатты шараларды өткізуге арналып салынған, 1 мың автокөлікке арналған тұрағы бар.