Назарбаев Астананың болашақ макетімен танысты


Әзірше мұның бәрі макет күйінде. Жүзеге асса, Елорда тағы адам танымастай өзгермек.   Бүгін Президентке жолаушы таситын жүрдек автобустар жүйесі, «Экспо» көрмесіне апаратын жолдың құрылысы мен жаңа вокзалдың жобасы таныстырылды. Сондай-ақ, ең негізгі даңғыл Орынбор көшесінің абаттандырылуы мен Триумфалдық Арка, Мыңжылдық аллеясы аудандарының қалай көркейтілетіні көрсетілді. Ал Елбасы Астанадағы құлағалы тұрған үйлерді сүру жобасын көріп, бұл шаруаның жүзеге асуын  ұдайы қадағалап отыруды тапсырды. Бірқатар ескертулерін айтқан Назарбаев құрылыстың Бас жоспардан ауытқымауын  талап етті.