Назарбаев Астраханьда өтетін төртінші Каспийлік саммитке қатысады

Ресейлік мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыртуымен оған президенттер Әзірбайжаннан Ильхам Алиев, Ираннан - Хасан Рухани, Қазақстаннан - Нұрсұлтан Назарбаев, Түркменстаннан - Гурбангулы Бердымұхамедов қатысады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметінен.

Онда Каспий жағалауы елдерінің өз ара ықпалдастығының басты мәселелері талқыланбақ, Бакуде 2010 жылы саммитте қабылданған шешімдердің орындалу барысы қаралмақ, аймақ елдерінің келешекте ынтымақтастығының басымдық бағыттары көзделмек.

В.В.Путин "каспийлік бестік" бойынша әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізбек.