Бал шеңберінде жиналған қаражат қайырымдылық мақсатта жұмсалады, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
Н.Назарбаев бәрін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, бұл мерекенің қазақстандықтар үшін әрдайым да қуанышты оқиға екендігін атап өтті.
"Биыл бірталай жұмыс істелді, оның ішінде "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыруда елеулі шаруа атқарылды. Өтіп бара жатқан жылға рахметімізді айтайық", деді президент.
Нұрсұлтан Назарбаев бәріне бақыт, береке, табыс тіледі.