Назарбаев БАҚ-тарға жаңалықтар эфирінде «сұмпайылықты» көрсетпей, «индустриалдану тынысын» насихаттауды тапсырды

«Байланыс және ақпарат министрлігі мен біздің БАҚ-тарға мен үнемі айтып келемін: қараңыздаршы, мысалы, бүгінге қанша жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Ал біздің «Хабар» немесе «Қазақстан», «КТК», қайсысы көрсетіп жатыр? Не болса, соны, ешкім де білмеуі тиіс сұмпайылықты көрсетіп жатады», - деді ол дүйсенбі күнгі телекөпір барысында.

«Қазақстанның индустриалдану тынысы, құрылыстары қалай жүріп жатқандығы, жолдар қалай салынып жатқандығы, жаңа кәсіпорындар ашылып жатқандығы… насихаттайтын нәрселер осылар, адамдарды алға итермелеу керек», - деп атап көрсетті президент.

«Мен БАҚ-тарды бүгіннен бастап халыққа бүкіл елдегі индустриалдану бағдарламасын көрсетуге міндеттеймін», - деп елбасы нұсқау берді.

Н. Назарбаевтың тапсырмасымен БАМ және жергілікті атқару органдары «бизнесті қалай бастауға болатындығы туралы халыққа айтып беретін адамдарды арнайы бағдарламаларға алулары тиіс».