Назарбаев: бейбітшілік пен келісімде өмір сүру өнері - Қазақстанның ең бағалы тәжірибесі

"Алғыс айту күні бізді бір-бірімізбен жақындата түсетініне көзім жетті.  Бейбітшілік пен келісімде бірге өмір сүру өнері  — бұл біздің ең бағалы тәжірибеміз, оны әрдайым қорғау керек. Біздің  ұлттар арасындағы  келісімнің бірегей тәжірибесін пайдаланатын елдер саны артқан сайын әлемде қауіпсіздік артатынына сенімдімін", — деді Назарбаев Алғыс айту күніне арналған салтанатты шарада.