Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілі әнші, педагог Бекен Жылысбаевтың қазасына байланысты оның жақын-туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Жеделхатта «Б.Жылысбаев әдемі даусымен қазақ және шетел композиторларының шығармаларын орындап, көрерменді өресі биік өнерімен сусындатты», - делінген.
Сонымен қатар, онда Б.Жылысбаевтың лайықты да білікті ізбасарлар дайындағаны атап өтілген.